Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «тал» тұқымды ағаштарды кесіп алған тұрғын анықталды

Павлодар облысында «тал» тұқымды ағаштарды кесіп алған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда Ертіс өзенінің жайылмасында Железин орманшылығының 109-орамының 16-телімінен белгісіз тұлға еркін қол жеткізу жолымен «тал» тұқымды ағаштарды кесіп алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Ертіс ауданындағы ауылдардың бірінің 55 жастағы тұрғыны болып шықты. Ауыл тұрғыны ағаштарды кесіп, тиісті құжаттарысыз өз қажеттіліктері үшін, яғни қыста отын жинау үшін әкелгенін түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК -нің 187-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (Ұсақ ұрлық) және ҚР ӘҚБК -нің 381-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды- (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау).

Полицейлер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны үшін 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын ескереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру