Алматыда “қалта ұрысы” сәбилі әйелді тонап кетті
Алматыда “қалта ұрысы” сәбилі әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қылмыс Алматының Наурызбай ауданында тапа-тал түсте орын алған. Қаскөй қасынан өтіп бара жатқан адамның күртесінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен.
– Ол жәбірленушінің бос еместігін пайдаланды: оның қолында нәрестесі болды. Бұл кезде жәбірленуші баланы арбаға отырғызып жатты, бейтаныс жігіттің қалтасынан мобильді құрылғыны қалай суырып алғанын байқамай қалды. Әйел ұрлық болғанын бірден білмеді. Арыз түскеннен кейін біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру шараларына қосылды. Нәтижесінде күдікті ұсталды және қамауға алынды. Ол 35 жаста, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда оның бөтеннің мүлкін ұрлаудың екі фактісіне қатысы бар екені дәлелденді, – деп қорытындылады Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.