ІІМ – жүргізушілер назарына: ауа райы нашарлайды, жолдарда абай болыңыз
Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауы туралы жүргізушілерге ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика аумағында салқындау, желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын күтіледі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, бұл тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады.
ІІМ-нің аумақтық департаменттеріне ауа райының өзгеруін бақылауды ұйымдастыру тапсырылды.
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек. Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі.
Жолдардағы қауіпсіздік үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін пайдалана отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.