Дүкен иесі рудныйлық учаскелік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді
Дүкен иесі рудныйлық учаскелік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазан күні сағат 20.40 шамасында Рудный қаласының Полиция басқармасына Горький көшесінде орналасқан дүкенде ер адам бірнеше бөтелке сыра мен бір қорап темекі ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түседі. Дүкен иесінің айтуынша, ұры велосипедке мініп, қашып кеткен.Оқиға орнына жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары Фархат Бирман мен Дәулет Ахмет дереу келеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні жарты сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Ер адам бұған дейін де осындай фактілер үшін бұрын сотталған.
– Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Фархат Бирман мен Дәулет Ахметке алғысымды білдіргім келеді. Полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етті. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында қарақшы қолға тез түсті, – дейді дүкен иесі Айгүл Бақытжанқызы.
Сонымен қатар, аталған факті бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.