Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Браконьер ЖПІШ: риддерлік ер адам елорда тұрғындарына ұрланған 34 түп шыршаны өткізбек болған

Риддерлік ер адам елорда тұрғындарына ұрланған 34 түп шыршаны өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Риддер қ. табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының төрт тұрғыны ұсталды, олар тиісті құжаттарсыз 34 дана «Сібір шыршасы» тұқымдас ағаштарын қазып алған.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі Риддер қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол тиісті рұқсатсыз шырша қазуды ұйымдастырып, оларды елорда тұрғындарына сатпақ болған.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық адамдар анықталды, заттай дәлелдемелер алынды, келтірілген залалдың сомасы анықталуда.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру