Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңды елемеген жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада заңды елемеген жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 2 қараша күні 01:30 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойында Daewoo Nexia маркалы автокөлігінің жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанын байқаған. Дереу көлікті тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 40 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі болмағаны және алкоголь ішімдігін ішкені анықталды.

Жүргізуші 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған сияқты. Заңды елемей, ол рөлге қайта отырған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орта» дәрежеде масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды.

Құқықбұзушы тағы масаң күйде көлікті басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қорытындысына сай қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру