Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Щучинск тұрғыны полиция қызметкеріне пара бермекші болған

Щучинск тұрғыны полиция қызметкеріне пара бермекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Бурабай аудандық полиция бөліміне ЖПҚБ БПП қызметкерінен Щучинск қаласында 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен КамАЗ маркалы автокөлігінің тоқтатылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүргізуші полиция қызметкеріне қызметтік борышын орындау кезінде пара ұсынған, полиция қызметкері ақшалай қаражаттан бас тартты. Полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және өз қауіпсіздігі басқармасына хабарлаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру