Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда түзеу мекемесінде “Алтын күз-2021” мерекесі аталып өтті

Таразда түзеу мекемесінде “Алтын күз-2021” мерекесі аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі сотталған азаматтар “Алтын күз-2021” мерекесін атап өтті. Салтанатты шара барысында мекемеде жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салды.

Кезең-кезеңімен өткен сайыс барысында қатысушылардың барлығы делік белсенділік танытып, күз туралы жырдан шашу шашты. Мерекенің өтуіне ұйытқы болған мекеме басшылығы мұндай шаралар сотталғандардың қоғамнан сырт айналмауына өз септігін тигізетінін жеткізді.

– Жаза басып, жаңылған осылайша сотты болғандардан қоғам сырт айналмаса дейміз. Біз олардың қоғаммен байланыс үзбеуі үшін жүйелі түрде түрлі мәдени-спорттық шараларды өткізіп тұрамыз. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсуіне септігін тигізеді, – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Оңбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру