Шымкенттік полицейлер бір тәулікте 5 киберқылмысты ашты
Шымкенттік полицейлер “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс шарасы барысында бір тәулік ішінде 5 киберқылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 8-14 қараша аралығында Шымкент қаласының аумағында республикалық денгейдегі жеті күндік “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шараның басты мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды ашу және жолын кесу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау.
Атап айтсақ, криминалдық полиция қызметкерлерімен іс-шараның үш күнінде 29 қылмыс ашылды. Оның 5-еуі тәулік ішінде анықталып, ашылған, ал 24-і бұрын жасалып ашылған қылмыстар.
Іс-шара аясында интернет кеңістігіне мониторинг жасау, интернет парақшалар мен әлеуметтік желілерге талдау жүргізу, оның нәтижесі бойынша жалған қызмет және тауар түрлерін ұсынатын, заңсыз қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтап, оларға қатысты заңды шара қолдану көзделуде.