Павлодар облысында "Мал ұрлығы" іс-шарасы басталды
Павлодар облысында "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында 15-24 қараша аралығында "Мал ұрлығы" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
- Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарымен бірге мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді тиісті құжаттаманың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Тасымалданатын малдың тиістілігін тексеру мақсатында базарларда, мал және ет өнімдері сатылатын сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын табу және алып қою мақсатында шаруа қожалықтары, фермалар мен мал бағу орындары да тексерілуде, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Бұдан басқа, мал сою және ет өнімдерін өткізу орындары, сондай-ақ дайындаушылар, алыпсатарлар мен өткізушілер тексеруден өтеді.