Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылған жүргізушіге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыстың суығы мен жаздың ыстығында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында тұрып, жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзбауын бақылап, жолаушылардың діттеген жеріне аман жетуі бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қандай да бір құқық бұзушылықты анықтаған сәтте, бірден әрекет етіп, тосқауыл қойып, алдын алып жатады. Тіпті, арасында жол бойында қалып кеткен тұрғындарға көмектесіп, көлігі бұзылғандарға да жәрдем береді.

Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде Бәйдібек АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ППТ қызмет инспекторлары «Шолаққорған-Шаян-Екпінді» тас жолының 35-шақырымында «Mitsubishi Montero» маркалы автокөлігін байқайды. Тәртіп сақшылары жедел жүргізушінің жанына жетіп, қандай жағдай болғанын сұрайды.

Өз кезегінде жүргізуші көлігі бұзылып тұрғанын, қаншама көліктерден көмек сұрағанмен, оң нәтиже болмағанын жеткізеді. Жағдайды білген полицейлер шұғыл эвакуатор шақыртып, жүргізушінің бұзылған көлігін тиісті орынға жеткізуге көмектеседі.

– Түркістан облысының қамқор полицейлеріне мың алғыс! Осылай күннің суығында орта жолда қалу кету өте қиын. Десек те, кішіпейіл Еділ мен Бағдаттай полицейлер бары көңіл қуантады. Үлкен рақмет!, – деп тұрғын алғысын жеткізді.

Ауа райы қолайсыз болған кезде жолға шығудан бас тартуға кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру