Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында пробация қызметкерлері 15 отбасыға азық-түлік себетін таратты

Түркістан облысында пробация қызметкерлері 15 отбасыға азық-түлік себетін таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп мұсылманша Мәуліт мерекесіне орай жағдайы төмен және көпбалалы 15 отбасыға азық-түлік себетін таратты.

Төлеби аудандық пробация қызметі қайырымдылық жасауды игі дәстүрге айналдырған. Пробация қызметкерлері әрбір есептегі азаматтардың жағдайын зерделеп, қадағалап, тиісті әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді. Аудандық пробация қызметінің бастығы Асқар Қамбарбаевтың айтуынша аудандық пробация есебінде 125 адам тұрады. Оның 15 жағдайы төмен отбасы болса, 25-і көпбалалы отбасылар. Ал, жыл басынан тұрмыс жағдайы төмен 20 азаматқа азық-түліктей көмек берілген.

– Есептегі азаматтарды әлеуметтендіру бағытында жергілікті атқарушы органдармен, жеке кәсіпкерлермен көмек көрсетеміз. Жұмысы жоқ азаматтарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз, кәсіп ашамын деген сотталғандарға құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетеміз, медициналық көмекті қажет ететін азаматтар аудандық ауруханадан тегін медициналық көмек алады. Пробация есебіндегі азаматтардың қайта қылмыс жасамауы үшін пробация инспекторлары күнделікті мекенжайын тексеру жұмыстарын жүргізіп, профилактика өткізеді.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.

Осындай қайырымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Асқар Қамбарбаев.

– Мен пробация қызметінің есебіне үстіміздегі жылы тіркелдім. Жұмыссыздық салдарынан қателікке барған жанның бірімін. Бұрын өзім ізденіп жұмыс істемедім. Қай жерге барсам да, жұмысқа орналасатын болсам да таныс керек деп, үйде жатып, тон пішетінмін. Өзімнің жолым болмағынан өзгелерді кнәлі дейтінмін. Ұрлық жасадым. Жеңіл жолмен ақша табамын деп, сотты болдым. Әрине, өзімнің істеген ісіме өкінемін. Балаларым менен ұялады. Себебі, оларға сыныптастары «ұрлықшының баласы» деп саусақтарын шошайтып көрсетеді. Осы пробация есебіне тіркелгенен кейін, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрдым. Үйде жатып тон пішпей, ізденген адамға жұмыс табылады екен. Пробация қызметкерлерінің көрсеткен көмектеріне алғыс айтамын. Менің түзелу жолына түсуіме үлкен септігін тигізді, – деді пробация есебінде тұрған Аслан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру