Павлодарда полицейлер 160 жалдамалы пәтерді тексерді
Павлодарда полицейлер 160 жалдамалы пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында «Учаске» профилактикалық іс-шара жалғасуда.
– Іс-шара басталғаннан бері Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 51 108 тұрғын үйді аралап шықты. Полицейлер азаматтарға «102» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, полициямен аудио немесе бейне қоңыраулар көмегімен байланысуға болатынын көрсетті. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша да жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Козкин.
Сондай-ақ, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1191 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 95 кәмелетке толмаған анықталды.
Одан басқа, учаскелік инспекторлар 160 жалдамалы пәтерлерді анықтады, профилактикалық есепте тұрған 2726 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Мысалы, ҚР ӘҚБтК 461-бабы бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін полицияның есебінде тұрған павлодарлық тұрмыстық саладағы бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа жағдайда ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша сотталған 36 жастағы азаматқа қатысты 6 ай мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылды. Ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.