Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаменті мен әскери бөлім бірігіп жұмыс жасауда

Қызылорда облысының Полиция департаменті мен әскери бөлім бірігіп жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан мен “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреевтің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Күн тәртібінде Ұлттық ұлан жеке құрамының қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қызметіне пайдалануы, олардың нақты міндеттері және әскери бөлім мен Полиция департаменті арасындағы қарым-қатынас мәселелері қаралды.

Кеңес барысында Талапкер Әміреев Қызылорда облысы бойынша әскер қатарына шақырылушы жастармен Қорғаныс істер жөніндегі департаменті және Полиция департаменті бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, жастардың әскер қатарына баруын және әскерден жалтару кезінде салынатын айыппұл және әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде айтты.

Қала аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қызметіне шығып жүрген әскери қызметшілерге ұсталған құқық бұзған тұлғалар туралы мәліметтерді тексеру үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан 3 дана планшет және 6 дана бейнетіркегіш берілген.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан әскер қатарына шақырылушы жастармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Полиция басқармасынан қызметкер бөлінетіндігін және әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша бірлесіп жұмыс жалғастырылатындығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру