Қарағандыда тұрғын алаяққа ұрынып, көлігінен айырылды
Қарағандыда алаяққа алданған тұрғын көлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ-не 26 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші белгілі бір азаматқа көлікті жалға берген. Күдікті көлікті пайдаланғаны үшін ақша төлемеген, содан кейін мүлдем байланысын тоқтатқан. Жәбірленуші шығын көлемін 4 млн. 690 мың теңгеге бағалады.
Тергеуді Киров ПБ тергеушісі Жігер Жанқұлов жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің алаяқ болып шыққанын анықтады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
11 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.