СҚО ПД Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ІІО бөліністерінің тарихы туралы инсталляциялар көрмесін өткізді
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ІІО бөліністерінің тарихы туралы инсталляциялар көрмесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың полицияның 15 бөлінісі және Қалалық басқарманың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инсталляциялар көрмесіне қатысты. Офицерлердің алдында Тәуелсіздік жылдары өз қызметтерінде қол жеткізген жетістіктерін көрсету және өз жұмыстарын мемлекеттік тілде сипаттау міндеті тұрды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев көрмені аша отыра, полицейлер жыл бойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған барлық мәдени шараларға белсенді қатысқандарын атап өтті. Инсталляциялар көрмесі 16 желтоқсанға орай ведомство ішінде өтетін негізгі іс-шаралардың басы болды.
Көрмеге барлық жетекші бөліністердің офицерлері: жедел қызметкерлер, криминалистер, әкімшілік полицейлер, штабтың және кадр саясатының қызметкерлері қатысты. Қызметкерлер пластилиннен, картоннан, пластиктен, сонымен қатар бұрынғы және бүгінгі таңдағы аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалана отыра, ерекше шығармашылықпен коллаж, модель, экспозициялар дайындады.
Мысалы, Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері 90 жылдардың басында қолданылған және криминалистердің заманауи жабдықталған чемоданын салыстыра отыра көрсетті. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көше қиылыстарының нақты макетін жасап, жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін интелектуалдық жүйелердің жұмысы жайлы баяндады. Ал, Кадр саясаты басқармасы өз қызметін ананың образы арқылы жеткізді, яғни кадр бөлінісінің қызметкерлері полицейлерді қызметке қабылдап, тәрбиелеп, қызмет атқарған жылдарда жан-жақты қолдау көрсетеді.
Қазылар алқасы Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің директоры Гүлнара Мұқышева, СҚО әкімдігі Тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Орал Жанатов, СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов және СҚО ПД басшылығы дайындалған экспозициялардың мазмұнына, таныстырылуына, эстетикалық сипатына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. 3-орынды үш бөлініс өзара бөлісті: Кадр саясаты басқармасы, Криминалдық полиция басқармасы және қалалық Полиция басқармасы, 2-орынды – Әкімшілік полиция басқармасы мен Ақпараттандыру және байланыс басқармасы иеленсе, жүлделі 1-орынға Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері жайғасты.
Солтүстікқазақстандық полицейлер өздерінің жан-жақты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді: құқық қорғау ісіндегі теория және практикамен қатар, тәртіп сақшылары шығармашылық дағдыларын, сұлулықты танып, бағалай білетіндіктерін, сондай-ақ мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін, оның қызметте ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста қолданатындықтарын көрсетті. Бұл ретте, инсталляциялар көрмесі 16 желтоқсанға дейін солтүстікқазақстандық полиция ғимаратының фойесінде тұрады.