Жамбылда қызыл кітапқа енген өсімдікті тасымалдаған ер адам ұсталды
Жамбылда қызыл кітапқа енген өсімдікті тасымалдаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Сарысу ауданының Жайлаукөл ауылынан 25 шақырым жерде заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сүректі (сексеуілді) тасымалдаған адамды анықтап, ұстады. Ол 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тасымалданған өсімдік – қызыл кітапқа енген.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
1 текше мөлшеріндегі сексеуіл заттай дәлелдемесі тәркіленді. Сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.