Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-ның әйелдер колониясына жаңа технологиялар енгізілуде

Шығыс Қазақстан облысының әйелдер колониясына жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық Азиядағы Renal Reform International аймақтық өкілдігінің сараптамалық қолдауымен, ҚР ІІМ ҚАЖК мен және «Zona+telecom» ЖШС арасындағы әзірленген жобаға сәйкес ШҚО ҚАЖ департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде ҚР ҚАК-нің 109-бабына сәйкес таксофондар арқылы сөйлесуге арналған пин-кодтарды жедел жеткізу жүйесі орнатылды.

– Бұл жобаның негізгі мақсаты – таксафондық карталарды жеткізу уақытында туындайтын шығындарды қысқарту, сотталғандардың таксафондық қоңырауларына ақы төлеудің жаңа тәсілі, пенитенциярлық жүйені цифрландыру және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдармен телефон арқылы сөйлесуді қамтамасыз ету. Заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалануы – сотталғандардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, олардың қоғамдық байланыстарын сақтап, арттырады, – деп түсіндірді мекеме бастығы Жақсылық Алтаев.

– Бізге түсіндіргендей, бұл жүйе үйге қоңырау шалуымызды айтарлықтай жеңілдетеді, яғни қазір туыстарымыз қоңыраулар үшін белгілі бір соманы онлайн төлегеннен кейін біз осы жерден пин-коды бар түбіртек аламыз және қоңырау шалмастан бұрын, сол пин-кодты теріп, содан кейін туысымыздың нөмірін теріп, сөйлесе аламыз. Ал бұрын таксофондық карточкаларды алу үшін үйден хатты немесе сәлемдемені алуды күтүге тура келетін. Қылмыстық-атқару жүйесі цифрландырылып жатқанын өзіміз де сеземіз. Бізде қазірдің өзінде электронды өтініштерге арналған терминалдар бар, соттар бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді, онлайн заңгерлік көмек те көрсетіледі және бейнебайланыс арқылы туыстарымызбен сөйлесіп тұрамыз. Иә, осындай кең мүмкіндіктер үшін біздің Үкіметке және мекеме басшылығына алғыс айту керек, – деді сотталған Евгения.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру