Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда электр бағанасына соқтығысып, ЖКО орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды

Атырауда электр бағанасына соқтығысып, ЖКО орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша күні сағат 17:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына Еркінқала поселкесі, 34 көшесінің бойында орналасқан жаяу жүргіншілер өтпесіне арналған жарықтандырып тұрған электр бағанасына Lada автокөлігі соқтығыс жасап, оқиға орынынан белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама бойынша патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ЖКО жасап, оқиға орнынан кетіп қалған Lada маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі анықталды.

Ол өзінің оқиға болған жерден білместікпен кетіп қалғандығын айтып, өз кінәсін толықтай
мойындаған.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдары
жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және ҚР
ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру