Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда отбасылық жанжалқорлар жауапқа тартылды

Павлодарда отбасылық жанжалқорлар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қараша күні сағат 01:30-да «102» операторының пультіне Мүткенов көшесіндегі пәтерден қоңырау түсті. Әйел полициядан көмек сұрады, күйеуі оны ұрып, пәтерден қуып шыққан екен.

Ұқсас қоңырау Ак.Сатпаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен түсті, хабарласқан қыз бірге тұратын жолдасы шу шығарып, оған қол көтермек болғанын айтты. Полиция дереу көрсетілген мекенжайға барып, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал төбелеске айналғанын анықтады.

Екі жағдайда да отбасылық жанжалқорларға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ олар ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 3,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру