«Учаске» іс-шарасы: Қызылордада 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Қызылордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды, 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 550 адамды мекенжайларынан тексеріп, олармен қылмыстарды қайта жасамау бағытында профилактикалық әнгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында тұрғындардан ішкі істер органдарына тіркелмеген 77 қару тәркіленіп, қару иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен шара қолдану үшін әкімшілік істер сотқа жолданды.
Облыс көлемінде барлығы 411 пәтер заңсыз жалға беріліп жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.