Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан күдікті қолға түсті
Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қарашаның 18-і мен 26-сы аралығында қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде және қоғамдық орындарда қалта ұрыларын анықтау және ұстау бойынша іс-шара жүргізілуде.
– Кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы Х.есімді ер адам ұсталды. Қазіргі кезеңде оның бес қалта ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ер адам негізінен адам көп жиналатын жерлерде жүрген. Оны көбінесе ұялы телефондар мен әмияндар қызықтырды. Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.