ШҚО-да қылмыстық істердің 80%-ы электрондық форматта тергелуде
Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық істердің 80%-ы электрондық форматта тергелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті барлық қылмыстық процесті электрондық форматта қамту бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылы аса ауыр санаттағы қылмыстарды тергеуге көшірілді.
2021 жылдың өткен кезеңінде облыстың аумақтық бөлімшелері электрондық форматта 14 мыңнан астам электрондық қылмыстық істі тергеді, бұл жалпы санның 80,8%-ын құрады, яғни әрбір төртінші қылмыстық іс онлайн тергелді.
Аталған саннан 1 304 қылмыстық іс күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына Жолдаумен аяқталды. Бұдан басқа, бүгінгі таңда «Е-УД» модулі шеңберінде «Е-Криминалист» сияқты жобалар жұмыс істейді, онда фототаблицалар енгізіліп, криминалистикалық зерттеулер тағайындалады, «Е-Заң-көмек» – соның арқасында қорғаушыны тағайындау процесі автоматтандырылды және «Е-Saraptama» сот сараптамасы органдарының, сот және құқық қорғау органдарының сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулылар мен ұйғарымдарды жіберу бойынша өзара іс-қимыл процесін, оларды одан әрі қабылдау мен өңдеуді автоматтандырады.
Цифрландыру маңызды рөл атқарады, өйткені ол азаматтардың қауіпсіздігін, ашықтықты жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жағдай жасайды.