Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 606 фактісі анықталды

Ақтөбеде тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 606 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта проблемалық мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік учаскенің тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін өткізіледі. Учаскелік полиция инспекторлары жедел алдын алу іс-шарасы барысында өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралау бойынша  жұмыстар жүргізеді.

Сондай-ақ, жалға берілетін пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, қоғамға жат іс-әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.

Бүгінгі күні облыс бойынша “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 606 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілетін болады.

ІІО есебіне 900-ден астам, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін 650 адам қойылды.

13 926 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде келген 1695, ұсақ бұзақылық үшін – 652, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру ережелерін бұзған 2 597 құқық бұзушы анықталды.

Сонымен қатар, полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатыр және жертөле үй-жайларын тексереді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерімен бірлесе проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру