Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД-де ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлектері кездесті

Жамбыл облысының Полиция департаментінде ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлектері кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде Жамбыл облысы ПД ардагерлерінің бастамасымен ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1984 жылдан бергі түрлі жастағы түлектермен кездесу өтті.

Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов қонақтардың арасында бүкіл өмірін Академияның дамуына, жас кадрларды даярлауға арнаған отставкадағы полиция полковнигі Николай Околочныйдың отырғанын айтты. Ол академияда оқуын аяқтағаннан кейін бірден қызметке кіріскен, курс бастығының орынбасарынан бастап, саптық бөлім бойынша ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасарына дейінгі қызметтік сатылардан өткен. 2010 жылдан бері құрметті демалыста.

Кездесу әсерлі және достық атмосферада өтті, ардагерлер жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді, өздерінің бай тәжірибелерімен, естеліктерімен және кәсіби қалыптасудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Кездесу соңында Николай Дмитриевичке Жамбыл облысы ПД-нің атынан алғыс хат және Жамбыл облысы ПД-нің логотипі бар сағат табыс етілді.

Қонақтар Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына, мұражайына барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру