Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Донорлық эстафетасын қостанайлық полицейлер қабылдады

Донорлық эстафетасын қостанайлық полицейлер қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысындағы әріптестерінен донорлық эстафетаны қабылдады.

Аталған іс-шара ҚР ІІМ бастамасымен «Есірткісіз болашаққа» республикалық акциясы аясында жүргізілуде. Ерікті донорлық акциясы полиция қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады және тұрақты негізде өткізіліп келеді.

Облыстық қан орталығына алғашқылардың бірі болып облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Лев Квасенко келді. Ол донорлық қан көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімді.

– Полиция қызметкерлері азаматтарға кез-келген қиын жағдайда көмекке келуге әрқашан дайын және бүгінгі күні де олар өздерінің үлгісімен мүмкіндігінше көп адамды тартқысы келеді, барлық азаматтарды басқаның қайғысына бей-жай қарамауға шақырады. Себебі біреу үшін донорлық қан аса маңызды болуы мүмкін, – деді Лев Квасенко.

Бүгін облыстық ПД есірткі қылмысымен күресушілердің әрқайсысы 400-450 мл қан тапсырды. Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері донорлық эстафетаны Қызылорда облысындағы әріптестеріне жолдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру