Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері ақынның туындысын жатқа оқыды

Абай күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері ақынның туындысын жатқа оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл. Дара тұлғаның әлем әдебиетіне қосқан үлесі орасан. Оны Елбасы, еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетуде Абай мұрасының тигізер пайдасы зор екенін айтқан болатын.

Бүгінде, ұлы ақынның шығармалары уақыт өткен сайын өз маңызын арттырып келеді. 10 тамыз – Абай күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Пошатай Мырзаби ақынның «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» атты тағлымдық мәні бар туындысын жатқа оқып, еліміздің басқа өңірлерінде қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінен жеткен жыр эстафетасын үлкен құрметпен қабыл алып, өзге әріптестеріне жолдады. Ел тарихында өшпес із қалдырған Абай мұрасы болашақ ұрпаққа мол азық берері сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру