Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясында соңғы қоңырау соғылды

Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясында соңғы қоңырау соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №20 мекемесінің жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі “Соңғы қоңырау” мерекесі өтті. Салтанатты рәсімделген алаңға мектеп түлектері, педагогикалық ұжым және мекеме әкімшілігі жиналды.

Мектеп директоры мен әкімшілік түлектерді орта мектепті бітіруімен құттықтап, сегіз сотталушыға мектептің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқан оқушылар мен оқу үздіктеріне грамоталар табыстады.

Алда түлектер мектептің қорытынды емтихандарын, аттестаттарды тапсыруды, мектеп мұғалімдерімен және сыныптастарымен қоштасуды күтеді.

– Ұрлық жасағаны үшін сот маған төрт жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Соның ішінде бір жыл мен осы түзеу мекемесінде жазамды өтеудемін. Мен мұнда келгенге дейін бостандықта көңілді өмір іздеп, жаман ортаға еліктеп, мүлдем оқығым келмеді. Білімнің маған еш қажеті жоқ деп ойладым. Қазір мен 46 жастамын және алғашқы сертификатымды аламын. Бұл жетістігіме өте қуаныштымын және мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Бұл бізге сотталғандарға колония қабырғасында білім алуға мүмкіндік береді, – деп бөлісті сотталған.

Сотталғандардың білім алуы – пенитенциарлық жүйеде іске асырылатын басты міндеттердің бірі. Осы оқу жылында барлығы 31 сотталған оқыды. Оның ішінде 13 сотталған аттестат алды, – дейді Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінің бастығы Арслан Мухаметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру