Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде денсаулық күні өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде денсаулық күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 19 мекемесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 76 жылдығы қарсаңында, дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шара ұйымдастырлды.

ҚАЖД-ға қарасты № 19 мекемеде “Дені саудың рухы сау” ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру акциясы өтті. Оған мекеме қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ олар үшін викториналар ұйымдастырылды, оның бірінші бөлігінде қызметкерлер денсаулық туралы сұрақтарға жауап берді.

Әрі қарай эстафеталық жарыстар өтті. Онда қатысушылар өздерінің жылдамдық, ептілік, ең бастысы, командалық рух және өзара қолдау қабілеттерін көрсетті.

Конкурста ерекше көзге түскен командалар мен жекелеген қатысушылар дипломдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

– Мекемеде 20 жастан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер жұмыс істейді. Қызметкерлер бүгінгі іс-шараны жаппай қолдағаны қуантады, ал біз жаттығулардың қызықты әрі әртүрлі болуына көңіл бөлдік, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру