Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда үйінен телефон ұрламақ болған елорда тұрғыны ұсталды

Астанада ер адам Iphone 14 ProMax телефонын сауда үйінен алып шығуға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық азамат сауда үйіне келіп, кіреберіс есіктердің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ғимараттың ішінде ол ұялы байланыс операторының бутигіне кіріп, сөреден Iphone 14 ProMax телефонын ұрлап кеткен.

Ер адамның әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Қылмыскер жасырынып үлгермеген, оны оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Аталған ұрлыққа бұрын сотталған 32 жастағы елорда тұрғынының қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ер адам ПД-да уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру