Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шатырда қалып қойған оралдық тұрғынды учаскелік полицей құтқарып алды

Орал қаласындағы Вымпель саяжай қауымдастығының бір тұрғынын Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері көктемгі су тасқынының құрсауынан құтқарып, елуді еңсерген тұрғынның шынайы алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл азамат саяжайдағы үйіне қас пен көздің арасында бел ортасынан аса тасқын су жиналып, үйдің шатырына әупірімдеп көтерілгенін айтып, саяжай төрағасына хабарласады.

Саяжай төрағасы өзінің аймағына жауапты Шаған полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің № 21 учаскелік полиция пункітінің аға учаскелік полиция инспекторы Дидар Утеповкқа үйі су астында қалған саяжай тұрғыны туралы оқиғаны баяндайды.

Дидар Утепов төтенше жағдай бойынша басшылыққа баяндап, оқиға орнына аттанады. Ал полиция қызметкерлері өз кезегінде қалалық төтенше жағдайлар бөліміне де дереу мәлімет жібереді.

Саяжай иесінің айтуы бойынша белден жоғары су ортасында қалған мекенжайға барған шағандық сақшылар үйдің су ортасында қалғанын, жеке мүліктердің су бетінде қалғанын көреді.

Әуелі азаматты үй шатырынан түсіріп, қайыққа отырғызып, жағалауға шығарды. Одан әрі құтқарылған азаматты тәртіп сақшылары Деркул ауылындағы уақытша тұрағы жоқ, үй- жайсыз қалған тұрғындарға арналған эвакуациялау пункітіне жеткізіп, қауіпсіз аймаққа орналастырды.

Қала тұрғыны Шаған полиция бөлімінің қызметкерлеріне, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушыларына алғысын жеткізіп, қауырт жұмыстарына сәттілік тіледі.

Анықталғанындай азамат екі күн бойы саяжайда болған. Кейін оның телефонының қуаты таусылып, хабарласа алмаған жұбайы дабыл қағады. Абырой болғанда бәрі сәтті аяқталады. Ер адам қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Осылайша ел басына күн туғанда полиция қызметкерлері күш біріктіріп, азаматтық танытуда.

– Біздің күшіміз бірлікте, осындай уақытша ғана қиындықтарға төтеп беріп, жұдырықтай жұмылайық. Бұл біздің халық алдындағы міндетіміз, – дейді Дидар Утепов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру