Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері балалар үйіне барды
Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы №8 балалар үйіне барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы №8 балалар үйіне барды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ тәрбиеленушілерге қамқорлық пен мейірім сыйлау болды.
№8 балалар үйі - балалардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне, білім алуына және болашақта өз бетімен өмір сүруге бейімделуіне қажетті жағдай жасайтын маңызды әлеуметтік мекеме болып табылады. Осындай кездесулер рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтып, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері тәрбиеленушілерге сотталған азаматтардың қолымен жасалған жұмсақ орындықтар мен балаларға арналған төсек-орын жабдықтарының жиынтықтарын табыстады. Бұл бастама сотталғандарды қоғамдық пайдалы жұмыстар мен қайырымдылық шаралары арқылы әлеуметтік бейімдеудің жарқын үлгісі болды.
— Біздің тәрбиеленушілер үшін қоғам тарапынан қамқорлық пен қолдауды сезіну аса маңызды. Осындай кездесулер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсылыққа деген сенімдерін арттырады және олардың назардан тыс қалмайтынын көрсетеді. Көрсеткен көмектері мен балаларға деген ықыластары үшін мекеме қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз, — деп атап өтті №8 балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрғалиева Рымхан.
- Мұндай іс-шараларға қатысудың балалар үшін де, сотталған азаматтардың өздері үшін де маңызы зор. Тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі — сотталғандардың бойында жауапкершілік, адамгершілік және қоғамға пайда келтіруге деген ұмтылысты қалыптастыру. Олардың қолымен жасалған бұйымдар — жай ғана тұрмыстық заттар емес, бұл — игі іске қосылған үлес әрі қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету мүмкіндігі. Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, әлеуметтік жауапкершілік, гуманизм және өзара көмек құндылықтарын дамытуға ықпал ететін болады, — деп атап өтті. сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов:
