Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы пробация қызметінің инспекторы есептегі азаматтың отбасына көмектесті

Абай облысы пробация қызметінің инспекторы есептегі азаматтың отбасына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында пробация қызметінің қызметкері бұрынғы есептегі тұлғаның отбасына көмектесті.

2023 жылдың сәуірінде Семей қаласының соты оны  ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 2023 жылдың қазан айында жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін оған бас бостандығын шектеу жазасы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Жазасын өтеуді ауыстырғаннан кейін сотталушының, үйде 76 жастағы анасы мен үш кәмелетке толмаған баласы қалды. Пробация қызметінің инспекторы оның анасымен үнемі байланыста болды. Инспектор есептегі тұлғаның анасынан қазір олар қиын өмірлік жағдайға тап болғанын білді. Жаңа жыл қарсаңында оларға қыстық көмір қоры мен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады.

– Әрине, менің жасымда үш баланы жалғыз өзім қараған қиын,бірақ әлем жақсы адамдарсыз емес. Пробация қызметінің инспекторы Мұрагер Серікбаевқа Жаңа жылға осындай көмек көрсетіп, балаларға сыйлықтар әкелгені үшін рахмет, – деді сотталғанның анасы Гүлзия

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру