Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысына қарасты түзеу мекемесінде сотталғандар орындық жасай бастады

Абай облысына қарасты түзеу мекемесінде сотталғандар орындық жасай бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары өз жемісін беріп жатыр. Қазірдің өзінде Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекемесінде сотталғандардың 70%-ы жұмыспен қамтылған.

Сәуір айынан бастап орындық жасау ісі қолға алынды. Өнеркәсіпте барлығы үш сотталған жұмыс істейді. Өндірісте классикалық орындықтардың жақтауын сапалы ағаштан арнайы станоктарда ойып, сүргілеп, колонияның тігін цехында тігілген орындық жапқыштарымен бірге қалаға құрастыру үшін жөнелтіледі. Бір жарым айдың ішінде 50-ге жуық орындық шығарылған.

– Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі мен бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында бүгін де істі болған азаматтардың отбасыларына көмектесуге, талап-арыздарын өтеуге, тіпті қайырымдылық көмек көрсетуге мүмкіндік алды. Жұмыспен қамту сотталғандарды әлеуметтендіру және оларды бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты және қанағаттанарлық өмір сүруге дайындаудағы маңызды қадам, – дейді басшының орынбасары Мақсат Ықсанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру