Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бір түнде 2 мыңнан астам есірткіге қарсы жадынама таратылды

Абай облысында Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған мерекелік кеш жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ауқымды ақпараттық алаңға айналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "СОЦ KZ" жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, көрермендер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Концертке жиналған көпшілікке есірткінің адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, психобелсенді заттарды қолданудың қауіпті салдары және есірткі қылмысына араласқаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Бір түннің ішінде көрермендерге 2 мыңнан астам ақпараттық жадынама таратылды. Материалдарда есірткінің алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөнінде пайдалы кеңестер қамтылды.

Полиция қызметкерлері жастарды спортпен және шығармашылықпен айналысуға, қоршаған ортасын дұрыс таңдауға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Шара барысында жастарға маңызды ой жеткізілді: есірткіден бас тарту – жай ғана тыйымды сақтау емес, өз болашағыңды саналы түрде таңдаудың жолы.

Бұл ұстаным ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасымен де үндеседі. Абай адамды білімге, еңбекке, талапқа, ақыл мен қайратқа ұмтылуға шақырып, "толық адам" идеясын қалыптастырды. Оның тағылымы бүгінгі жастарды саналы өмір салтын ұстануға, жауапкершілікпен әрекет етуге және өз болашағына бейжай қарамауға үндейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру