Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында броконьер ұсталды

Абай облысында броконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бесқарағай ауданының полицейлері Ерназар ауылының шетінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын аралау кезінде 2 бассыз еліктің тұтас етін тапты. Жануар қалдықтарының жанынан пышақ та табылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер Урал мотоциклінде полицейлерден жасырынуға тырысқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Аңшыны тоқтату үшін жақын жерде кезекшілік ететін басқа экипаждарды күшейту ретінде шақыруға тура келді.

Урал мотоциклін тексеру барысында ұсталған адамнан 16 калибрлі патрондардың бос қорабы, пышақ пен фара-іздеуші — көлік құралдарының қосымша сыртқы жарық аспабы, автомобильдің айналасындағы кеңістікті жарықтандыру үшін тар бағытталған жарық сәулесін қалыптастыратын, тәуліктің қараңғы уақытында аң аулау кезінде қолданатын зат тәркіленді.

41 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру