Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында камералардың көмегімен 1 335 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында бейнебақылау камерасының көмегімен 1 335 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуына күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті арттыру.

Осы жылдың басынан бері акция аясында 2 659-дан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзуға байланысты 10 821 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Тазалықты қамтамасыз етуде заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері де кеңінен қолданылуда. Соның ішінде бейнебақылау камералары қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылаудың тиімді құралына айналып отыр.

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық орындарды ластауға қатысты 1 335 құқық бұзушылықтың алды алынды. 

Оның ішінде: 400 тұлға ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін; 945 тұлға қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін бүлдіргені, жасыл желектерді жойғаны немесе зақымдағаны үшін.

“Таза Қазақстан” – тек аумақты тазарту науқаны емес. Бұл – қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, қоғамдық орындарды таза ұстауды және туған өлкенің көркеюіне әр азаматтың үлес қосуын көздейтін ортақ бастама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру