Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық сабағын өткізді

Абай облысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Семей қаласындағы №29 "Пальмира" жалпы білім беретін мектебінде жасөспірімдерге арналған қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Іс-шара оқушылардың құқықтық және әлеуметтік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында полицейлер жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударып, оның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашақ өміріне тигізетін ауыр салдарын түсіндірді. Сонымен қатар "жеңіл табыс" уәде ететін алаяқтық әрекеттер мен кәмелетке толмағандарды заңсыз істерге тарту тәсілдері, соның ішінде курьер ретінде пайдаланудың қауіптілігі жан-жақты талқыланды. Қызметкерлер мұндай әрекеттердің заң бұзушылық қана емес, өмір мен қауіпсіздікке тікелей қатер екенін нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Сондай-ақ кездесуде АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мәселелері де қарастырылды. Бұл бағытта Семей қаласының наркологиялық бөлімінің және Абай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мамандары оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіріп, бір сәттік шешімнің ұзақ мерзімді салдарын мысалдармен баяндады.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Полицейлер әр сұраққа жан-жақты әрі түсінікті жауап беріп, жасөспірімдердің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға баса мән берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру