Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция кюветке шығып кеткен көлікті шығаруға көмектесті

Абай облысында полиция кюветке шығып кеткен көлікті шығаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері жеңіл автокөліктің жүргізушісіне кюветтен шығаруға көмектесті. Патрульдік полиция ротасының инспекторлары Ахатов Төлеу және Айтқалиев Алмас Омбы – Майқапшағай автожолының 827 шақырымында кюветке шығып кеткен көлікті көрді.

Жүргізуші полицейлерге басқаруды жеңе алмай, автокөліктің жол жиегіне шығып кетуіне жол беріп, қар құрсауында қалғанын түсіндірді. Ол өздігінен шыға алмады. Бірнеше рет өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерін тоқтатты, бірақ ешкім көмекке жауап бермеді. Тәртіп сақшылары көлікті жолға шығара алатын көлік тауып көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.

Өз кезегінде жүргізуші полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру