Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция мектепте қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысында полиция мектепте қауіпсіздік сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарма ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустам Турганбаев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Асқап Асланның ұйымдастыруымен Жарма ауданы білім бөлімінің “Георгиевка атындағы орта мектебі” ұстаздары, оқушылары және олардың ата-аналары қатысқан арнайы қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ата-аналарға заманауи заңнама талаптарын түсіндіру.

Жиналыс барысында кәмелетке толмағандарды діни деструктивті ағымдар мен радикалды топтардың қызметіне тартуға жол бермеу, деструктивті ұйымдардың ерекшеліктері мен олардың балаларға қауіптілігі туралы ақпарат ұсынылды.

Ата-аналарға балаларын қадағалау және олардың әлеуметтік желілерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді, буллинг және кибербуллингтің алдын алу, мектеп ішінде және онлайн ортадағы агрессия мен психологиялық қысымның белгілері көрсетілді. Құқық қорғау органдарына хабарлау тәртібі мен ата-ананың рөлі нақтыланды.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу: қоғамдық тәртіпке және құқықтық жауапкершілікке қатысты ақпарат берілді, балалардың мектептегі және үйдегі қауіпсіз ортаны сақтаудағы ата-ананың жауапкершілігі атап өтілді.

Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқын анықтау және алдын алу: суицидтік бейімделудің алдын алу әдістері түсіндірілді, қиын жағдайда көмек сұрау және психологиялық қолдау көрсетудің жолдары баяндалды.

Интернет алаяқтықтың алдын алу: онлайн алаяқтыққа қарсы әрекет ету жолдары мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, балаларды интернеттегі қауіпті контенттен қорғаудың практикалық кеңестер ұсынылды.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі: құқықтық тәртіпті сақтау, балаға моральдық және құқықтық білім беру, оның әлеуметтік өмірге бейімделуін қолдау мәселелері қаралды.

Ата-аналардың белсенділігі мен қадағалауының қоғамдағы қауіпсіздікке тікелей әсері атап өтілді.

Жиналыс барысында жаңа заңнама нормалары, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздіктің кепілі ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Бұл іс-шара кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы тұрақты профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру