Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

5 маусым күні Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінде қала әкімі Болат Абдралиевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырысқа қала прокуроры мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.


Күн тәртібінде халық арасында Курчатов қалалық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу және жолын кесу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Курчатов қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Тохтар Назым қала әкімі Болат Абдралиевқа баяндама жасап, өз баяндамасында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында рецидивтің алдын алу мақсатында бірқатар жедел алдын алу шаралары, жергілікті полиция қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен бірлесіп, пробация қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қайталама қылмыстар жасауға ықпал ететін факторларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Баяндама қорытындысы бойынша 2023 жылы есепте тұрған сотталғандардың қайталама қылмыстар жасалмағаны атап өтілді.

Отырысқа қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, қала әкімі пробация қызметі қызметкерлерінің жұмысын атап өтті.
Отырыс нәтижелері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі жұмыс бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру