Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған азамат ашық есік күнінде алғаш рет ұлын көрді

Абай облысының орта қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған көрісу күнінде туған ұлын алғаш рет көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрісу мерекесіне орай, колония қызметкерлері сотталғандарды туыстарымен кездестіру мақсатында ашық есік күнін өткізді. Кездесуге келген туыстары колония аумағына таң атпай жиналды. Көбі жақын маңдағы аудандардан келгендер.

Жиналғандармен тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Мақсұт Бақытбек кездесті. Қысқа әңгімеден кейін барлығы колонияның акт залына көтерілді.

Кездесуге жазасын өтеушілердің 50-ге жуық туысы келді. Әрқайсысының жүзінен кездесуді асыға күткен толқыныс сезімі байқалды.

– Мен бүгін кішкентай баламмен бірге келдім. Жолдасым оны алғаш рет көріп тұр. Кездесу қызықты және әсерлі өтті. Әкесі ұлым шақырсам қолыма келмейді деп қорықты. Дегенмен баланың жүрегі жақын адамын сезеді ғой. Жұбайыма көзіне қарап, қолынан ұстап, оның сезімдері туралы айта алғаныма қуаныштымын. Колония әкімшілігіне кездесуге мүмкіндік бергені үшін көп рақмет, – дейді өз әсерімен бөліскен сотталғанның әйелі. 

– Іс-шара келген адамдар мен әкімшіліктің шағын кездесуімен аяқталды. Ешкім назардан тыс қалған жоқ. Барлығы тыңдалды, барлығы түсіндірілді. Изоляторға кірерде қандай-да бір күмәні болғандар, шығып бара жатқанда сеніммен шықты. Осындай кездесуді ұйымдастырғанымыз үшін рақмет айтты, – дейді Мақсұт Бақытбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру