Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “синтетика” сақтаған азамат бас бостандығынан айырылды

Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы тұрғынға үкім шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында Ravon R4 автокөлігі тоқтатылды. Автокөлік ішінен және жолаушыларынан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тәркіленді. Зерттеу сараптамасымен тәркіленген зат 2,78 грамды құрайтын психотроптық зат екені расталды.

Психотроптық заттын иесі затты тауып алғанын, содан кейін оны құрбыларымен бірге қолданғанын айтып, өзінің кінәсін мойындады. Өкінетінін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекет кірісіне сот-сараптамаларын жүргізуге жұмсалған процестік шығын үшін 906 705 теңге және ҚР жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 мың теңге мәжбүрлі төлем өндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру