Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері “Игі істер күні” акциясына қатысты

Абай облыстық ҚАЖД-ға қарасты №19 мекеменің жеке құрамының қызметкерлері Семей қаласының қан орталығында қан қорын толықтыру үшін донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы қиын кезеңде донорлық қан әлі де сұранысқа ие. Пациенттер әлі де ауруханаларға: хирургиялық, гемостатикалық бөлімшелерге, перзентханаларға түседі. Донорлық қан компоненттерінсіз бірде-бір күрделі операция болмайды, сондықтан күн сайын қан қорын толтырып отыру қажет.

– Біз ҚАЖ қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз, олардың арасында тұрақты, тәжірибелі және алғаш рет тапсыратын донорлар бар. Мұндай жауапкершілігі мол жұмысы бар адамдар осындай игі істерге уақыт бөлетіні мақтауға тұрарлық, – дейді орталықтың терапевт-дәрігері Элис Юнкер.

– Донор болу тек құрметке ие іс қана емес, сонымен қатар денсаулыққа да пайдалы. Егер қан тапшылығы мәселесін шешуге көмектесе алсақ,  өте қуаныштымыз. Біз орталықтың дәрігерлерімен жиі хабарласамыз және қажеттілік туындаған кезде әрдайым көмек көрсетеміз, – дейді колония қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру