Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам өліміне күдікті азамат қамалды

Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйітінің табылу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа
дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша
ұстау абақтысына оқшауландырылды.

 

Басқа мәліметтер Қылмыстық- процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру