Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аға буын өкілдері жылдан-жылға қылмыскерлердің құрбанына айналуда

Павлодарда егде жастағы азаматтардың үйіне кіріп,алаяқтықпен айналысқан күдіктілер жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық жедел қызметкерлер бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 49 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.Егде жастағы адамдар ерекше қауіп-қатер тобына жататыны жасырын емес. Алаяқтар көбінесе қарт адамдардың пәтерлерінде әр түрлі қайырымдылық, акция немесе ақша айырбастау деген атпен жалған әрекеттер жасайды. Павлодар да осыдан тыс қалмайды.

2020 жылдың басынан бері 88 алаяқтық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% -ға төмен. Полиция бейтаныс адамдар үйге кірмеуі керек деп қанша ескерткенімен, аға буын өкілдері жылдан-жылға қылмыскерлердің құрбанына айналуда.

Мысалы, КСК қызметкері деп таныстырған ер адам 82 жастағы зейнеткердің есігіне қоңырау шалды. – Мен сіздің үйіңіздің сантехнигімін. Маған жылу жүйесін тексеру керек – деді ол. Содан кейін, жылыту радиаторларын қарап шығып, жылу есептегіш қондырғыларын шұғыл орнату қажет екенін айтты. Осыдан кейін ол есептегішті төмендетілген бағамен ұсынды. Әрине, зейнеткер арзан бағаға ұсынылған затты пайдасына қарай жаратамын деп, өзінің соңғы жинақ ақшаларын әлгі жігіттің қолына ұстата берді. Ал алаяқ жігіт болса, ақшаны алып, 20 минут ішінде есептегішті келіп орнатамын деп уәде беріп, қылмыс орнынан тез арада кетіп қалды.

Бір күннен кейін 91 жастағы зейнеткер де алаяқтың келесі айла-амалына тап болды. Зиянкестер өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, үйіне келді. Табалдырықтан жаттап алған сөйлемді айтты:- Әкімдік акция өткізуде, барлық қарт адамдарға 3000 теңге жәрдемақы беріледі. Бірақ менде 10 000 теңге купюралармен ғана бар деп, ақша ауыстыруды өтінді. Қажетті ақшаны алып, тез көзден тыс болды.Қолында ақшаның орнына кәдесый заты бар екенін білгенде, сенімді атаның не ойлағанын айтпасақ та болады. Бір секундтың ішінде өздерінің ауыр еңбекпен тапқан ақшаларын жоғалтып, алданып қалғанына көз жеткізіп, зейнеткер полицияға жүгінді.

Полиция қызметкерлері еске салады: пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізбеуді. Мүмкін болса, оларға есікті де ашпауды. Ақшаны оңай қол жетімді жерлерде сақтамауды. Бейтаныс адамдарға ақшаңызды ауыстырмауды.Егер Сіздің үйіңізде күдікті адамдарды байқасаңыз, жалқау болмаңыз, олардың не үшін және кімге келгенін сұраңыз. Мүмкін, Сіз осы қарапайым сұрақтармен көршіңізді үлкен қиыншылықтардан қорғап қалатын шығарсыз. «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз және өзіңізге күдікті болып көрінетін нәрселермен келіспеңіз. «Абайлаңыз, сақ болыңыз!» дегенге көңіл аударыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру