Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ағасының атын жамылып, қарыз сұраған»: елордалықты алдап кеткен алаяқ ұсталды

Елорда полицейлері қала тұрғынын алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының ПБ-ға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу мессенджер арқылы ағасының атын жамылып, материалдық көмек сұрап, 40 мың теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені туралы айтқан.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасағаны үшін 23 жастағы жас жігітті ұстады. Күдікті азық-түлік дүкендерінің бірінің тұрақты клиенті болып, алаяқтық жолмен жәбірленуші мен оның ағасының байланыс телефондарын біліп алған. Олардың деректерін пайдалана отырып, күдікті WhatsApp мессенджерінде бөтен нөмірді тіркеп, апатқа ұшырағандықтан шұғыл ақша аударуды сұрап, ағасының атынан жәбірленушімен хат жазыса бастаған. Жәбірленуші ештеңеден күдіктенбей, ақшаны күдікті сұраған есепшотқа аударған.

Жәбірленуші дүкенге кейінірек келген ағасын көріп, өзінің алаяқтың тұзағына түскенін түсінген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар бойынша тексерілуде.

Жыл басынан бері елорда аумағында 2 500-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Қылмыстың бұл түрі жиі кездеседі. Интернет-алаяқтықтан сақтандыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының ПД сақтық танытуды, ақпараттың шынайылығын, тауарлар мен қызметтердің бар-жоғын тексеруді, күмәнді мәмілелерден бас тартуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру