Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді тонап жүрген ер адам анықталды

Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тонау деректерін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні полиция қызметкерлері әйелдерді тонау дерегіне күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті жәбірленушілерден алтын зергерлік бұйымдарды ашық түрде ұрлаған.

Биылғы жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін сегіз тонау дерегі Ақтөбе қаласының аумағында орын алды. Қарақшы күндіз және кешкі уақытта әйелдердің мойнынан алтын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Қылмысты күдікті Ақтөбе қаласының шағын аудандарының бірінде жасаған.

Аталған қылмыстарды ұзақ уақыт бойы ашу мүмкін болмады, алайда бірқатар жедел іс-шаралар барысында бұрын сотталған Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат барлық көрсетілген фактілер бойынша кінәсін мойындадыАқтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, ұрланған асыл заттарды тәркілеу бойынша одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігімен күдікті бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе “102” нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру