Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Қызылордалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетіліп келеді. Осыған орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Марат Еспенбетов игілікті іске үн қосты.

Ішкі істер саласында қызмет атқарған Сабит Альжанов, Байназар Өткелбаев және Акбар Исабаев ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шығып, бүгінде жеке құрамды патриоттық рухқа, азаматтылыққа, тәртіпке тәрбилеу жұмыстарына өз үлестерін қосып отыр.

Тәртіп сақшылары ардагерлерді құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру