Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкелі-балалы погонды полицейлер династиясы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ.

Бүгінгі кейіпкерлеріміз – әкелі-балалы погонды полицейлер Тобажановтар династиясы.
Отставкадағы “милиция майоры” Кушекбай Тобажанов 1953 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сайғонды ауылында дүниеге келген. 1971-1973 жылдары әскер қатарына шақырылып, Германия Демократиялық Республикасында әскери борышын өтеген, 1978-1998 жылдар аралығында Ішкі істер органдары қатарында абыройлы қызмет атқарып, “майор” шенімен зейнеткерлікке шыққан.

Ардагер “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарымен, “Үздік” төсбелгісімен, Қызылорда ОПД-нің Грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұбайы Алтын Тоқмырзаева екеуі бес бала, 13 немере тәрбиелеп отыр.

Ардагердің ұлы полиция аға сержанты Самат Тобажанов қазіргі таңда Арал ауданының Полиция бөлімінде қызмет атқаруда. Ол қызметіне адалдықпен қарап, жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін ҚР Президентінің 2020 жылғы14 қыркүйекте Жарлығымен “Халық алғысы” медалімен, “Қазақстан Полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен, “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” ІІІ дәрежелі медалімен және ҚР ІІМ-нің Грамотасымен, Қызылорда ОПД-нің Грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған.

– Әкем маған үнемі тәлімгер ретінде тәжірибелік көмек беріп, ақылын айтып отырады. Кішкентайымнан әкемді үлгі етіп құқық қорғау саласын таңдадым. “Өзіңе сеніп, тек адал қызмет ете біл” деген әкемнің ақылын әрдайым ұстанып жүремін, – дейді Самат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру